Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралия ұлттық университеті өзін қытайлық студенттерден тазартып жатыр

Австралиядағы ұлттық университет оқу орнындағы қытайлық студенттердің санын азайтуды көздеп отыр. Қазірдің өзінде олар білім ордасындағы студенттердің 60 пайызын құрайды.

e6617b9a53d793e4d8169878cc4987a8_L

Фото: 24.kz

Бұл туралы Life.ru хабарлайды.

Университетте қазіргі таңда Индонезия, Үндістан, Вьетнам және басқа да елдерден келген студенттер білім алуда. Канберра қаласында орналасқан бұл университеттің басшылары оқу орнында қытай студенттерінің тым артып кеткендігіне алаңдаушылық білдіріп отыр.

Мұндағы қытай студенттерінің саны әлемдегі басқа ешбір университеттегідей емес. Яғни, шектен тыс көп. Басшылық бір елден осыншама студенттің болуы оқу орны үшін қаржылық қиынға соқтырады деп қауіптенеді екен.

“Белгілі бір елден түскен студенттерге толықтай сүйенуге болмайды. Ол елдің саяси, экономикалық проблемалары университеттегі талапкерлер санының кемуіне әкеліп соғуы мүмкін”, – дейді әлеуметтік зерттеулер институтының сарапшысы Эндрю Нортон.

Сол себепті университет 2015 жылы “әртараптандыру стратегиясын” қабылдаған. Осы арқылы оқу орнына түсетін қытайлардың санын шектемек.

“Бұл біз қытай студенттерінен қашып жатырмыз деген сөз емес. Біз тек әртараптандыру саясатын жүргізіп жатырмзы,” – деді оқу орны өкілі.

Талқылау