Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бетіне сурет салды: Жанар Айжанованың қызы ерекше өнерімен жұртты тәнті етті (видео)

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова ерекше өнерімен халықты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айжұлдыз әлеуметтік желідегі парақшасында бетіне сурет салған бейнежазбасын жүктеп, ерекше қабілетімен жұртты тәнті етті. Жанар Айжанованың қызы бетіне орманның бейнесін салып алған екен.

"Менің бойымда аврора оянды", - деп жазды ол.

Ерекше грим жасап, бетіндегі көздің санын көбейткен Айжұлдыздың талантына тамсанған жұрт пікір білдіріп, бұл өнерді жерде қалдырмауын өтінді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Во мне просыпается Аврора💫

Публикация от Aizhuldyz Adaibekova (@aizhuldyz_adaibekova)

"Қағазға сурет салады десем, бетіңізге де күшті сурет салады екенсіз", "Күшті өнер ғой", "Керемет! Жарайсыз! Бір адамның бойында осынша талант болады ма? Сәттілік және көптеген жетістік тілеймін", "Әдеттегідей бәрі керемет", "Қандай ғажап өнер", "Өнеріңізді жоғалтып алмаңыз" деп жазды желі қолданушылары.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр