Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауызына 138 қарындашты сыйдырған жігіт (фото)

Непал елінде Раджа Тапа атты жігіт тұрады. Ол таяуда ауызына 138 қарындашты сыйдырып, рекорд жасады.4de62d903bdea8f38c26076908fde225_L

Бұл туралы Deccanchronicle сайты хабарлайды.

Естіген кезде ерсі көрінетін мұндай рекорд осыған дейін де жасалған екен. Бірақ, ол кездегі «сыйдырғыштың» рекорды 92 қарындаш болған. NEP

Жалпы 19 жастағы Тапа естіген адамға біртүрлі болып көрінетін рекордтар жасағанды ұнатады екен. Енді ол тек ауызына қарындаш тығумен ғана тоқталып қоймақ емес.  Күзетші болып жұмыс істейтін Тапа қолы бос кезде көшеде шоулар қойып, ақша табуды көздейді. «Мен Непал көшелерінің батыры атанғым келеді», – дейді Тапа.

Талқылау