Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауырған Арапбаева өзіне “көз тиді” деген диагноз қойды

Маржан Арапбаева ауырып, үш күннен бері төсектен тұра алмай жатыр екен. Дене қызуы 38,5 градусқа көтерілген. Әнші өзіне көз тигенін айтып жатыр.  Бірнеше күн бұрын түрлі ас әзірлеп, отбасы мүшелен қайран қалдырған екен.

13413356_629529480534021_426560227_n

Фото: instagram.com/arapbayevamarzhan/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда әнші көптен бері жасырған жолдасын көрсетіп, сүйіктісімен бірге ел аралап жүргенін айтқан болатын. Осыдан кейін үйге оралған Арапбаеваның қызуы 38,5 градусқа дейін көтеріліп ауырып қалған. Ол өзіне “көз тиді” деген диагноз да қойып үлгерді.

“Ауырғанды сондай жек көремін. Үш күн болды төсекте жатырмын. Түр, шаш, тырнақ быт-шыт. Ал өзім сыртқа шыққым келіп жүр. Алайда таңертеңнен бастап жұмысқа кіріспекпін! Үйдегілерім екінші күн қатарынан жөнді тамақ жей алмай жүр. Ауызашарға әжептәуір пысық болып, махаббатпен дәмді тамақ пісіріп жүр едім.

Үйдегілер маған “Ойпырай, көз тимесін” деп жүр еді… Сонда да көз тиген сияқты ғой. Жарайды, орысшадан қазақшаға көшіп кеткеніме кешірім сұраймын. Үйде де осылай ғой менікі. Ауырып жатқандарға тезірек сауығып кетіңіздер деймін! Оразамыз қабыл болсын!” – деп әнші жақсы тілек білдіргендерге алғыс айтты.

Әншінің ауырып қалғанын естіген тыңдармандары тез сауығып кетуін тіледі. Мұнымен қатар, арасында мәнсіз-мағынасыз дүние жазбауды өтінгендер де табылды.


Жіберіп алмаңыздар:

Маржан Арапбаева жұрттан жасырған жолдасын көрсетті (фото)

Маржан Арапбаева Шымкент қаласын шексіз сүйетінін айтты (видео)

Маржан Арапбаева әлеуметтік желіде бояусыз суретін жариялады және ол үшін еш ұялмайтынын айтты

Арапбаева қалай арықтайтынын көрсетемін деп жұртты шошытты

Арапбаева қызының тұсауын Қарақат Әбілдинаға кестірді

Талқылау