Ауыр дертке шалдыққан қобызшы қыз жұрттың көмегіне зәру

Бейсенбі, 12 Мамыр , 2016 12:32

Қобызшы қыз хәл үстінде жатыр. 33 жастағы Гауһар Нұрлыбаева сирек кездесетін «Қызыл жегі» дертіне шалдығып, амалсыздан сахнамен қоштасқан. Тіпті, жығылғанға жұдырық болғандай, екі рет инсульт алып, қазір жүріп-тұрудан қалыпты. Мұндай дертті емдеу қолымыздан келмейді депті отандық дәрігерлер. Ендігі үміті – Біріккен Араб Әмірліктерінде сатылатын қымбат дәріде. Бірақ оны алуға ауыр дертке шалдығып, күнін әрең көріп отырған ана мен қыздың шамасы келмейді,-деп жазады КТК арнасы.

көмек3

Қобызын арқалаған бұл қыз 7 жыл бұрын талай сахнаға шығып, күйімен құлақтың құрышын қандыратын. Бірақ енді аты шыға бастағанда айықпас дертке шалдығып, өнері жайына қалып отыр. Гауһардың қазір аспап ұстамақ түгілі, жүріп-тұруға шамасы жоқ.

Алғашында дәрігерлер дертті анықтай алмай, уақытты созып алған көрінеді. Артынша сирек кездесетін «Қызыл жегі» диагнозын қойған.

көмек1

Осылайша, емдейміз деп бермеген дәрілері жоқ.Тек бұдан Гауһардың жағдайы нашарламаса, жақсармаған. Гормондық дәрілер жақпаса керек, науқас екі мәрте инсульт алып, ақыры сол жақ бөлігі қозғалмай қалыпты.

«Гормонды дәрілер салып, құртып тастады. Организм қазір істемей отыр. Қазір қозғала алмайды. Бірінші арманым, осыны орнынан тұрғызу. Менің шамам келмей жатыр»,-дейді қобызшының анасы Сара Нұрлыбаева.

Перзенті үшін өзегі өртенген ананың өзі де қатерлі дертпен күресіп жүр. Бірақ қазір қара басынан гөрі қызы үшін алаңдайды. Себебі, Гауһардың жалғыз ішетін асы – сүтті де, жаялығын да алуға күнін әрең көріп отырған отбасының қалтасы көтермейді.

көмек2

«Қорқыт ата ғой. Қобызын аузыма тығып оятады. Мен содан оянып кетемін…»,-дейді Гауһар Нұрлыбаева.

Жергілікті дәрігерлер «Қызыл жегіге» ем іздеп әуре болмаңдар деп кесіп айтқан. Бірақ науқас қыз бен анасы дерттен айығып, қобызын қайта қолына алуды армандайды. Қазір олардың жалғыз үміті – Біріккен Араб Әмірліктерінде сатылатын қымбат дәріде. Бір түйірінің өзі 45 мың теңге. Шетелдік дәрігерлер 2 жыл бойы күніне екеуін ішіп отырса, айығып кетеді деп сендіріп отыр. Сондықтан науқас қыз бен жалғызбасты ананың қайырымды жандардан көмек сұраудан басқа амалы жоқ.

Халық Банк 4402 5735 5621 6523 Гауһар Нұрлыбаева
87076813598, 87476813598

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

79
Комментариев
  • Бақыт says:

    Ал енді ешкім ұрыспаңыз маған, бірақ бұл қызды оқытып тастаған, тіпті оқытып фотосфн мазарға тығып өлімге жасалған нәрсе. Тек тәуіп көмектеседі, жеті жылдын ішінде басына шығып кеткенғой

  • Таныс апайларың says:

    Қорқыт атаның қабірінен топырақ алып қайнатып, салқындатып ішіп көрсейші…

  • Жұмбақ жан says:

    Алла шипасын берсын.

  • Жұмбақ жан says:

    Көмек берейик

  • Жұмбақ жан says:

    Комек берейик бауырлар
    Тезирек сауыгып кетуине тилекшимин

  • Жұмбақ жан says:

    Аллах шипасын берсин!

  • Жұмбақ жан says:

    Алла жар болсын!

  • Жұмбақ жан says:

    Кудайкаласа еми болады али ақ Гаухар қарындасым жазылып кетеді, Қорқыт ата әр уагы колдап тұр!

  • Жұмбақ жан says:

    Алла шипа берсін

  • Жұмбақ жан says:

    Алла Шипасын берсін! Құдыреті күшті Аллам шипанызды берініз. Біз бəріміз сізден көмек сұраймыз

1 2 3 4 5 6

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар