Ауыр дертке шалдыққан қобызшы қыз жұрттың көмегіне зәру

Бейсенбі, 12 Мамыр , 2016 12:32

Қобызшы қыз хәл үстінде жатыр. 33 жастағы Гауһар Нұрлыбаева сирек кездесетін «Қызыл жегі» дертіне шалдығып, амалсыздан сахнамен қоштасқан. Тіпті, жығылғанға жұдырық болғандай, екі рет инсульт алып, қазір жүріп-тұрудан қалыпты. Мұндай дертті емдеу қолымыздан келмейді депті отандық дәрігерлер. Ендігі үміті – Біріккен Араб Әмірліктерінде сатылатын қымбат дәріде. Бірақ оны алуға ауыр дертке шалдығып, күнін әрең көріп отырған ана мен қыздың шамасы келмейді,-деп жазады КТК арнасы.

көмек3

Қобызын арқалаған бұл қыз 7 жыл бұрын талай сахнаға шығып, күйімен құлақтың құрышын қандыратын. Бірақ енді аты шыға бастағанда айықпас дертке шалдығып, өнері жайына қалып отыр. Гауһардың қазір аспап ұстамақ түгілі, жүріп-тұруға шамасы жоқ.

Алғашында дәрігерлер дертті анықтай алмай, уақытты созып алған көрінеді. Артынша сирек кездесетін «Қызыл жегі» диагнозын қойған.

көмек1

Осылайша, емдейміз деп бермеген дәрілері жоқ.Тек бұдан Гауһардың жағдайы нашарламаса, жақсармаған. Гормондық дәрілер жақпаса керек, науқас екі мәрте инсульт алып, ақыры сол жақ бөлігі қозғалмай қалыпты.

«Гормонды дәрілер салып, құртып тастады. Организм қазір істемей отыр. Қазір қозғала алмайды. Бірінші арманым, осыны орнынан тұрғызу. Менің шамам келмей жатыр»,-дейді қобызшының анасы Сара Нұрлыбаева.

Перзенті үшін өзегі өртенген ананың өзі де қатерлі дертпен күресіп жүр. Бірақ қазір қара басынан гөрі қызы үшін алаңдайды. Себебі, Гауһардың жалғыз ішетін асы – сүтті де, жаялығын да алуға күнін әрең көріп отырған отбасының қалтасы көтермейді.

көмек2

«Қорқыт ата ғой. Қобызын аузыма тығып оятады. Мен содан оянып кетемін…»,-дейді Гауһар Нұрлыбаева.

Жергілікті дәрігерлер «Қызыл жегіге» ем іздеп әуре болмаңдар деп кесіп айтқан. Бірақ науқас қыз бен анасы дерттен айығып, қобызын қайта қолына алуды армандайды. Қазір олардың жалғыз үміті – Біріккен Араб Әмірліктерінде сатылатын қымбат дәріде. Бір түйірінің өзі 45 мың теңге. Шетелдік дәрігерлер 2 жыл бойы күніне екеуін ішіп отырса, айығып кетеді деп сендіріп отыр. Сондықтан науқас қыз бен жалғызбасты ананың қайырымды жандардан көмек сұраудан басқа амалы жоқ.

Халық Банк 4402 5735 5621 6523 Гауһар Нұрлыбаева
87076813598, 87476813598

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

79
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Алла сəтін салып шипасын бергей

    • Жұмбақ жан says:

      Мен алла разылыгы ушин,ертең анасымен хабарласып , ауруын жазатын мықты продукция алып усынамын. Иншалла тез айыгып кетеді. Дцп,диабет, псориаз,1,2 сатыдагы кан кысымымен ауырган адамдарды кыска уақытта кулантаза болып жатыр. Тек, сенип кабылдаса болды!

      • Жұмбақ жан says:

        Лида. Алла шипасын берсін! Сұрайын дегенім ДЦПдан емдейтін қандай дəрі, айтыңызшы. Бір құрбымның ұлы ауырады. Ал бір досымның ұлы 6ға келді. Бармаған жері жоқ. Дауасын таппады. Шынымен емделгендер бар ма? Алла разы болсын!

        • Жұмбақ жан says:

          Дцп – ны емдейтин Кызылордада Сакен Темиркулов деген емши бар. Айтуга онай т.б телеарналардан корсетилген,соган корсетип корсин курбыныз.

      • Жұмбақ жан says:

        Телефон номеринизди жазып жибересиз ба

      • Жұмбақ кісі says:

        Лида ол қандай дəрі Қан қысымын

      • Жұмбақ жан says:

        Кеш жарық сауығып кетсін. Псориаздан емдейтін қандай дəрі бар айтыңызшы

      • Жұмбақ жан says:

        Сізге Алла разылығын берсін

      • Жұмбақ жан says:

        Сізге Алла разылығын берсін,Қайырымды жан.

      • Жұмбақ жан says:

        Тағы қандай ауруларға ем дəрілеріңіз

    • Жұмбақ жан says:

      Алла шипасын берсин

      • Жұмбақ жан says:

        Қорқыт ата қобызын ауызына тығып оятатын болса, неге Қорқыт атаның басына барып бір күн болса да түнемейді екен. Кім біледі мұның арғы жағында бір жұмбақ сыр бар шығар. Бұл тегіннен тегін емес. Түсінем емделу керек. Дегенмен де,…Қорқыт бабамыз аян беріп тұрған болар…

        • Жұмбақ жан says:

          алла шипасын берсін

        • Жұмбақ жан says:

          Аруактардын басына барып кону – бул ширк. Алладан гана сурау керек.

          • Жұмбақ жан says:

            Алла шипасын берсін. Тез айығып кетіңіз.

        • санира says:

          Былай акыл бермениз, адасып, кунага батпаныз!!! Тек Алладан сурау керек шипаны!!!

        • Жұмбақ жан says:

          Әрине.менде келісемін.ҚОБЫЗ қасиетті аспап қой.және басына барып қана қоймай сол Қызыл ордадағы Сәкен Темиркуловқа көрініп қайтқан дұрыс сияқты.Біреуге ақыл айту оңай әрине Алла сәтін берсін, сағатын салсын.Тәуір болып емшілер қатарына қосылуыңызға тілектеспін.ж/е НАМАЗға жығылу керек.

  • Жұмбақ жан says:

    Бул жанга тек улкен молда немесе кари балалар дем салып окымаса болмайды баска амалы жок.кобыз киели аспап кой.

  • Жұмбақ жан says:

    Бари жаксы болады,мен де осы аурумен ауырамын,бари бир алланын колында,алла шипасын берсин

  • Сымбат says:

    Алла шипасын берсін

  • Жұмбақ жан says:

    АЛЛАХ ШАФИ ДЕГЕН ЕСИМИМЕН ШИФА БЕРСИН!!!

  • Жұмбақ жан says:

    Өкінішті-ақ

  • Жұмбақ жан says:

    Тез жазылып кетуынызге тылектеспыз.

  • Жұмбақ жан says:

    Алла шипасын берсін

  • Жұмбақ жан says:

    Алла шипасын берсин

    • Жұмбақ жан says:

      Көмек берейік қазағым

    • белгисиз says:

      Алла шипасын берсин колынан келгенше комек берейк халайык

  • Жұмбақ жан says:

    Көмек көрсетейік, халайық! Әр қайсымыз 5000тенгеден аударсақ та, біраз қаржы жиналар еді.

    • Жұмбақ жан says:

      Казыр гана корип отырмын, халайык, комек берейкши!

1 2 3 6

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар