Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр дертке шалдыққан бойжеткен өмірінің соңғы күндерін саяхат жасауға арнады

Бір айда тап болған бірнеше сәтсіздік пен денсаулық проблемалары бар Америка азаматшасы Меган Салливан әлемнің жеті кереметін 13 күнде барып көруді шешті.

Ауыр дертке шалдыққан бойжеткен өмірінің соңғы күндерін саяхат жасауға арнады

Дәрігерлер оған тері обыры диагнозын қойған. Осыдан кейін бойжеткен өмірде неге үлгергісі келетіні туралы қатты ойланды. Жұмыс берушісінен 13 күндік демалыс алған Меган осы уақыттың ішінде әлемнің жеті кереметін өз көзімен көруге бел буды.

Бойжеткен бағдарын жоспарлағанда, әр қалада 2 күннен тоқтаған. Меган бұл саяхатқа танысқанына небәрі екі апта болған Крис Макнамара есімді жігітімен аттанды.

Ауыр дертке шалдыққан бойжеткен өмірінің соңғы күндерін саяхат жасауға арнады

Меган өз саяхатының фотосуреттерін Instagram-ға салды. Әрбір фотода бойжеткен саусақтарының көмегімен әрбір керемет жердің нөмірін көрсеткен.


Тағы оқыңыз >>>

Әлемнің жаңа жеті кереметі: тізімі, сипаттамасы, суреті 

Талқылау