Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлы ауыр дертке шалдыққан анасын аман алып қалудың қамын жасап жүр

15 жастағы бозбала ауыр халде анасын аман алып қалу үшін қолынан келген бар жағдайды жасап жүр. Бұл отбасы небір қиындықты басынан өткеріпті. Басында баспанасы жоқ анасы мен баласы қарапайым қажеттіліктерін өтеу үшін де қаражат таппай отыр.

м

Бұл туралы Қазақстанның бірінші арнасы хабарлайды.

Басқа амалы қалмағандықтан Бибігүл Дүйсембаева телеарнаға көмек сұрап хабарласқан.

Бір кездері бақытты жар, мейірімді ана болған Бибігүл Дүйсембаеваға «жатыр мойнының қатерлі ісігі» деген диагноз қойылған. Қиындық үстіне жұдырық болып қиын сәтте күйеуі де тастап кете барыпты. Бар ауыртпалық 15 жастағы ұлының мойнына ілігіп, ол күндіз-түні жұмыс істеуге мәжбүр болған.

«Баламды аяймын. Оның балалық шағы да болған жоқ. Қазір жасы 20-да. Ол күндіз күзетші, түнде құрылысшы болып жұмыс істейді. Басымызда баспанамыз жоқ. Пәтер кезегінде  тұрмын. Тек қорқатыным  егер көз жұмып кетсем ұлым далада қалады», – дейді анасы.

Қазір анасы мен ұлы туысының үйінде тұрып жатыр екен. Алайда, қазан айында ол үйден де босатуларын сұраған көрінеді. Осыдан соң олар қайда барарын білмей дал. Ұлының бап тапқан ақшасы анасының еміне жұмсалады екен.

«Менің дертім жайлы естігендер әзәзіл көргендей шошып қашады. Көмек сұраудың өзі ұят. Бірақ, менің басқа амалым жоқ», – дейді Дүйсембаева.

Ұлын ойлап күндіз-түні сары уайымға салынған ана жомарт жандардан көмек сұрайды. Егер осы отбасыға қол ұшын берем деушілер болса, 8777 072 23 22 нөміріне хабарласуын сұраймыз.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық дәрігерлерге алданып қалған ата-ана министрден көмек сұрайды

ОҚО-да екі қолсыз өмірге келген жан көпшіліктен көмек сұрайды (фото, видео)

Петропавлда туғаннан сал ауруына шалдыққан егіздер көмекке зәру

Ауыр дертке шалдыққан қобызшы қыз жұрттың көмегіне зәру

Талқылау