Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлеттерге тағылған айып үшін Қазақстан ХААФ-ға $50 мың төлеуге міндеттелді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы зілтеміршілер допинг қолданғанды деп Қазақстанға 50 мың доллар көлемінде айыппұл салды.

photo_44379

Айыппұл көлемі допинг қолданған спортшылар санына қарай көрсетілген. Спортшылары ең көп допинг қолданған – Әзірбайжан құрамасы. Әзірбайжанның алты, Ресейдің төрт, Қазақстан, Молдова және Қытайдың үш спортшысы допинг қабылдағанды деп айыпталып, жарыстардан уақытша шеттетілді.

Осыларды ескере келе, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Әзірбайжанға 200 000, Ресейге 100 000, қалған үш құрамаға 50 000 доллар көлемінде айыппұл салынды.
Егер аталған құрамалар айппұлды дер кезінде төлемесе, 2016 жылғы Рио Олимпиадасына берілген жолдамаларлар кері қайтарылады.

Еске сала кетейік, жақында қазақстандық ауыр атлеттер — Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртай допинг қолданды деп айыпталған еді.

 

Талқылау