Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлетикадан Ресей құрамасы да Рио Олимпиадасынан шеттетілді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Ресейдің зілтеміршілер ұлттық құрамасын тұтасымен Рио Олимпиадасына жібермей тастады.

shtangae8235a70498a7e04f3bd836b0

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Халықаралық Олимпиада Комитеті 24 шілде күні Ресей құрамасын Олимпиада ойындарынан шеттемеу туралы шешім қабылдаған болатын. Бірақ, халықаралық спорт федерацияларына өз шешімін жасауына орын қалдырған. Осыған байланысты IWF өз мәлімдемесін жасады.

«IWF атқару комитеті Рио Олимпиадасына Ресей құрамасының қатысуына қатысты мәселені мұқият қарады. Зерттеуге Халықаралық допингке қарсы агенттіктің (WADA) Ричард Макларен жетекшілік еткен тәуелсіз комиссиясы дайындаған баяндама қорытындысы да ендірілді. Татьяна Каширина және Анастасия Романова бұған дейін де шеттетілген болатын. Маклеран баяндамасында тағы да 4 спортшының есімі бар», делінген федерация хабарламасында.

Жіберіп алмаңыз:

Шетелдік БАҚ: Ресей құрамасы олимпиада ойындарынан толық құрамда шеттетілді

Қазақстанның  Рио Олимпиадасынан жүлдемен оралған спортшыларға  қанша төлейтіні анықталды

Талқылау