Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қазақстан қоржынында екі күміс, бір қола медаль

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 94 келіге дейінгі салмақ санатындағы жарыс аяқталды.

жазира

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 69 келіге дейінгі салмақ санатындағы әйелдер арасындағы жарыс өз мәресіне жетті.

Бұл жарысқа еліміздің атынан екі спортшы қатысқан болатын. Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеру сайысында 116 келіні бағындырып, төртінші орынға табан біресе, Майя Манеза небәрі 100 келіні ғана бағындыра алды. Ал екінші серпе көтеру сайысында Жазира – 140 келі, Майя – 135 келі көтерді.

Қос сайыстың нәтижесінде 256 ұпай жинаған Жазира әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, 235 келіні бағындырған Майя үздік ондыққа ілікті.

Әлем чемпионы атағы екі сайыста 263 келі көтерген қытайлық Сян Янмейге бұйырса, ресейлік Анастасия Романова қола медальді қанағат тұтты.

Тартысты өткен сайыста Алмас Өтешев екі жаттығудың нәтижесінде 402 келіні (172, 230) бағындырып – күміс, ал Жасұлан Қыдырбаев 399 (178, 221) келі көтеріп, қола медальді иеленді. Алмас бірінші мүмкіншілігінде 220, одан кейін 230 келіні еркін еңсерген еді. Алайда үшінші мүмкіншілігінде 234 келіге тапсырыс беріп, оны көтере алмады.

алмас

Жасұлан болса, бірінші жолы 221 келіні еркін бағындырғанымен, екінші және үшінші мүмкіншілігінде 231 келіні еңсермеді. Әлем чемпионы атағы қос сайыста 405 келіні көтерген беларусь Вадим Стрельцовқа бұйырды.

жасұлан

Айта кетейік, 2014 жылдың қараша айында Алматыда өткен әлем чемпионатында Жасұлан Қыдырбаев 408 (179+229) келіні бағындырып, чемпион атанған еді.

 

Талқылау