Ауылдық жерлердің сапалы интернетпен қашан қамтамасыз етілетіні белгілі болды

Сейсенбі, 26 Қыркүйек , 2017 12:54

Алдағы үш жылда 2 миллоннан астам ауыл тұрғыны сапалы интернетке қол жеткізеді, деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның барлық 122 қаласы және шамамен 1200 ауылдық елді мекен талшықты-оптикалық желі арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізіп отыр.

“Министрлік болашағы бар 1700-ге жуық ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жұмысын қолға алып жатыр. Яғни, бұл 2 миллоннан астам тұрғын сапалы интернетке қол жеткізеді деген сөз. Жобада қамтылатын ауылдардың тізімі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, анықталып жатыр. Жалпы бұл жоба 2018-2020 жылдар аралығында жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр”, — деді Абаев кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған үкімет отырысында.

Министр жобаның нәтижесінде 2021 жылға дейін ұзындығы 24 мың шақырым талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылатынын алға тартты. Бұл жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімдерінің интернетке қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

Айтуынша, жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша іске асырылады.

“Аталған жұмыстардың нәтижесінде интернетке секундына 20 мегабитке дейінгі жылдамдықпен қол жеткізу қамтамасыз ету, шамамен 2 мың мектепті интернетпен қамту және денсаулық сақтау мекемелерінде де, жергілікті мемлекеттік органдарда да 1200 нүктеге қосу жоспарланған”, — деп баяндады Абаев.

Оқи отырыңыз:

Прокурор Альфа банкті тонағандарды 8 жылға қамауды сұрады

Қазақстанда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинаны жаппай егу басталады

Ғалымдар күйзелісті ұйқысыздықпен емдеуге болатынын айтты

Таразда дәрігерлердің кесірінен 7 айлық сәби мүгедек болып қалған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар