Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауылдық округ әкімі тұрғындардың біріне дөрекі сөйлеп, басқасына тіпті қол көтерген

Ақмола облысындағы Есіл ауданына қарасты Двуречный ауылдық округінің әкімі тұрғындардың біріне дөрекі сөйлеп, басқасына тіпті қол көтерген. Опық жегендер осылай деп атқамінер азаматтың үстінен арыз жазыпты. Бірақ, әкім кінәсін мойындамады.

аким

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
« Мен ол кісіге қолымды көтермегенімді ғана айта аламын. Басқа айтарым жоқ»,-деді Двуречный селолық округінің әкімі Қайрат Мусин.

Ісі тәртіптік кеңесте қаралған әкім осылай ақталып бақты. Оқиға есеп беру жиынында Двуречный ауылдық округінің қос тұрғыны әкімге сауал қойып, түйінді мәселенің қашан шешілетінін сұраудан басталыпты. Бірақ, бұған жауап бергісі келмеген Қанат Мусин: «Бұл дегеніңіз ауқымды мәжілісте көтерілетін сұрақ емес»,- деп шамданған. Осылай ашуға мінген Мусин мырза артынша ауыл азаматының бірін нұқып, келесісіне дөрекі сөйлеген тұрғындардың айтуынша. «Әкімнен таяқ жедім»,- деген тұрғынның арызы қанағаттандырылмады. Себебі айғақ жоқ. Ал дөрекілік көрсетіп, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіргені үшін ауылдық округтің әкімі Қанат Мусинге тәртіптік кеңестің мүшелері қатаң сөгіс жариялау туралы ұсыныс білдірді.

«Сіз мемлекеттік қызметкерсіз. Cіз сол сәтте осы сұрақтардың барлығын қоюыңыз керек еді. Олардың сұрақтары болса,оны солжақта білуіңіз керек еді»,-деді Облыстық әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Қуаныш Жапақов.

Талқылау