Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін зорлағанды сотқа берген қыз қысымға шыдамай асылып өлді

Солтүстік Қазақстан облысында айыптыға үкім шығарардан бұрын сот процесі барысында, зардап шеккен 17 жастағы оқушы қыз өзін-өзі өлтірді.

8774738

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Іс материалы бойынша қыз тоғыз жылдық білім беретін мектепте оқыған. Сол себепті мектептен соң орта білімді толық аяқтау үшін Булаев аудан орталығына келуге мәжбүр болады. Ата-анасы қыз үшін аудан орталығынан бір бөлмелі үй жалдайды. Бір күні қожайынға 23 жастағы көршісі келіп, кешкілік ішімдік ішіп көңіл көтереді. Оқушы өз бөлмесіне кіріп кетіп, есікті үстелмен тіреп қойған. Алайда жас жігіт үшін бұл кедергі болмапты. Қожайын әбден масайып ұйықтап қалған кезде, ол қызды зорлап тастайды.

Қыз оқиғаны немере ағасына айтып береді. Ол полицияға хабарлаып, ҚР ҚК 120 бабы бойынша тергеу басталады. Сот-медициналық сараптамасы да қыздың бұрын жыныстық қатынасқа түспегенін анықтап берген.

Сот процесі жабық режимде өткен. Алайда оқиға туралы тез таралып, тіпті қыздың ауылы мен мектебі де хабардар болады. Тіпті көп адам қыз туралы да теріс көзқарас танытқан. Айыпталушының адвокаты да қызды өтірікші, оңбаған адам етіп көрсетуге тырысып бағады. Зардап шегушінің қорғаушысы болса бірнеше мәрте әріптесін әдеп сақтауға шақырған. Тіпті шектен шыққан соң сот төрағасына да ескерту беріңіз деп өтініш білдіреді.

Солтүстік Қазақстандық қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған аудан аралық соты айыпталушыны 13 жылға бас бостандығынан айырады. Алайда қыз үкім шығамын дегенше, өз-өзін өлімге қиған. Ол әрі қарай өмір сүре алмайтынын айтып, хат жазып кеткен. Қыздың өлімі бойынша да іс қозғалып, тергеу жұмыстары қайта жүргізілуде.

Ал сотталған ер адам болса өз кінәсін мойындар емес.

Талқылау