Ақтөбелік теракті бойынша іздеуде жүргендер ішінен өз суретін көріп таң қалды

Ақтөбеде ауыл тұрғыны 5 маусым күні болған теракті бойынша іздеу жарияланған күдіктілер арасынан өз суретін көріп таң қалған.

0b3665bc-8ac0-4076-ba16-05c2eb43122d

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Жуырда әлеуметтік желілер мен WhatsApp қосымшасы арқылы теракті жасауға күдікті деп жарияланғандардың тізімі шыққан еді. Әзірге 6 күдікті іздеуде жүр.

Құқық қорғау органдары тіпті іздеуге атсалысып, тапқан адамдарға қомақты сыйақы тағайындайтындарын да айтып берді.

5 маусым күні терроршылар екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Нәтижесінде 7 бейбіт адам қаза тапты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жасаған баяндамасында ҚР ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов 8 маусым күні 13 күдіктінің көзі жойылып, 14-інің жараланғанын айтты. Өзге бас тартқан 20 адамның түр-тұлғалары анықталған.

Бүгін ел тұрғындары қаза болған боздақтарды аза тұтып жатыр. Кеше қалада қаза болған бейбіт тұрғындарды ақтық сапарға шығарып салды. Құқық қорғаушылар іздеу жарияланған 6 күдіктіні тапқан адамға сыйақы тағайындалатындығын айтты.

Жалпы ҚР аумағы бойынша террорлық қауіптің сары деңгейі белгіленді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар