Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл тұрғындары әйелдің өліміне себепші болған тоңазытқышты сараптамадан өткізуді сұрауда

Алматы облысының тұрғындары әйелдің өліміне кінәлілерді табуды сұрайды. Дүкендегі сатушы келіншек дәл жұмыс орнында тоқ ұрып қайтыс болған. Полиция қызметкерлері өлімді оқыс оқиға деп анықтаған, алайда тұрғындардың айтуынша ол біреудің немқұрайлығынан болған, деп хабарлайды Stan.kz агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындары өлімге себепші болған тоңазытқыштың сараптамасын сұрауда

Немересін жалғыз асыраған Зоя Юртаевна енді оның суретіне ғана қарайтын болды. Қыркүйек айының басында дүкенге жұмысқа тұрған келіншек екі аптадай ғана жұмыс істеген. Оның 4 жасар қызы қалды. Дәл сол қызы үшін туыстары кінәлілерді таппақшы.

«Кінәлі жандар қызым 18 жасқа толғанша төлем беру керек. Қызға көмек беру үшін, оны жақсы оқыту үшін ақша керек. Ал немерем болса маған анасын зираттан қазып алайық деп айтады», – дейді Зоя Юртаева.

Жақын арада полиция бөлімшесінен істің тоқтатылғаны туралы құжат келген. Қылмыс құрамы болмағандықтан 21 жастағы келіншектің өлімін оқыс оқиға деп таныған. Бұл жаңалық бүкіл ауылды шулатты.

«Жерге дұрыс тұйықталмаған, ол әлі күнге дейін жоқ. Сәйкес келмейтін автоматтар. Резеңкеден жасалған кілемшелер барлық тоңазытқыштың астында болу керек. Олар мүлде жоқ. Сонда бұл кімнің салғырттығы? Тоңазытқышты орнатқандардікі болып тұр.

Тұрғындардың айтуынша, қайғылы оқиғадан кейін халықты наразылық танытпайынша ол тоңазытқыш жұмыс істеп тұрған. Кішкентай дүкенде көп тоңазытқыш болмауы керек, салмақты көтере алмайды. Сонымен қатар су ағып тұрған төбесі де қауіп төндіреді. Бірақ дүкен иелері өздерін кінәлі санамайды. Тек қайғыларына ортақ бола алады.

«Неге төбесі тесік? Жап-жақсы өбесі. Көктемде ғана бәрін жасаған болатын. Енді не істейміз? Қатты өкінеміз. Не айтамын? Өзім де әлі күнге дейін есімді жия алмай жүрмін», – дейді дүкен иесі Галина Мезинцева.

Оқиғанын оқыс емес екендігін дәлелдейміз деген тұрғындар полицияның қорытындысына наразылық танытты. Олар тоңазытқыштың сараптамадан өтуін және істі қайда қозғауды талап етуде. Олардың өтінішіне прокуратура әзірге жауап қатқан жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау