Ауыл шаруашылығы министрлігі көрші елдерге есек еті мен терісін тасымалдамақ

Бейсенбі, 8 Қыркүйек , 2016 7:58

Қытайға әлі ет экспортын ұйымдастырып бітпеген Ауыл шаруашылығы министрлігі, көршілерге есек еті мен терісін де тасымалдаймыз деп отыр. Айтуларынша, Қытай елі қазір есектің етіне аса қызығып отырған көрінеді.

81H9YmcNycWDOggt-lg

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ет тасымалы негізінен Қытайдың батысына, яғни мұсылмандар: қазақ пен ұйғыр, дүнгендер шоғырланған жеріне жіберілсе, есек еті мен терісі орталық Қытайға дейін бармақ.

– “Қазір Қытай тарапынан есектің еті мен терісіне сұраныс артып отыр. Осыны ескеріп Қазақстанның оңтүстік аймақтарында арнайы шаруашылықтар ашпақпыз. Ол жерлерде арнайы Қытайға экспортталатын есектер өсіріледі”, – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.

Ал қазақстандық шаруалар тағатсыздана күткен жылқы, сиыр етінің Қытайға экспорты жыл соңында басталады. Қыркүйектің аяғында қытай инспекциясынан тексерушілердің соңғы легі келіп, шаруашылықтарды шолып шықпақ. Әзірге Қытайға ет шығаруға әзір деп таңдалған кәсіпорындарды көрші ел мақұлдаса, жыл соңына дейін олар тасымалды бастайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Осы етті өңдеп өзімізге қайта сатпасына кім кепіл не нәрсеніде ойланып істеген абзал

  • Анонимно says:

    Не дейди ойбай

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар