Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті деп “Қазақстан жаңалықтары” агенттігіне министрлік дереккөзі мәлімдеді.

5e83218ab49d6c4a81013a58863c01ef-big

Сурет: forbes.kz 

Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков 1968 жылы 17 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті мен Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Айта кетейік, 5 мамыр күні мемлекет басшысының төрағалығымен күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде кеңес өткен болатын. Жиында елбасы жер кодексінің бірқатар нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялап, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс жариялаған.

Талқылау