Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аутист балаларға арналған балда Қазақстан аруы көзіне жас алды (фото)

Алматыда көктем балы өтті. Оған аутизммен ауыратын балалар қатысты. Аталған шараға Қазақстаның ең сұлу ару Әлия Мергембаева да қонақ болып қайтты. «Аутизмді жеңеміз» деп ұрандатқан мерекелік шара кезінде Қазақстан аруы көз жасына ерік берді.

44

Суреттер: ©Анна Гончарова

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Бұл балалар алғаш рет сахнаға шығып, өнерлерін көрсетті. Бірі тақпақ айтты, енді бірі би биледі. Мамандардың айтуынша, науқас балаларды сау балалармен ойнап жүргенінде бір бірінен айыру қиын.

48ea31e3e3f7e0d902a58c2e1530352c

«Жобаға көптеген адамдар мен компаниялар демеушілік көрсетті. Мәскеулік инновациялық білім беру орталығына, «Самұрық-Қазына» АҚ-на алғысымызды айтамыз. Ассоцияция базасы аясында балалары аутизммен ауыратын 200 отбасыға кеңес берілді. 17 баладан диагноз алынып, 8-і мектепке барды. Бұл дегеніміз өте жақсы көрсеткіш. «Аутизмді жеңеміз» жобасын «Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастырушылары да қолдады. Олар бізге жиналған 2,5 миллион теңге көлеміндегі қаржыны аударды», – дейді «Милосердие» ерікті бірлестігінің басшысы Аружан Саин.

777

Қазақстан аруы Әлия Мергембаева келіп, балалардың көңілін аулады. Шара соңында көңілі босап, көзіне жас алды.

e516f879638fb3c2ffe17e22cc020a97

«Мен балаларды жақсы көрем. Менің екі інім мен сіңілім бар. Мен 12 жасымнан соларды қарап өстім. Барлық балалардың дені сау болып, бақытты болса екен деп тілеймін», – дейді Әлия.

ддд

88

8f65e7bb2ce619c32f06333011aec5d0

62cc2a8bfc0ddabfc40c76ec7a78637c

69234e76b9750eee3b8f3c9937100338

fe3e9cdca92eabd6b67a7418e5b42802

Анна Гончарова

Талқылау