Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аустралиялық премьер біржыныстылар шеруіне қатысты

Аустралия басшысы Малкольм Тернбулл жыл сайын өтетін Марди Гра ЛГБТ фестиваліне қатысты. Ол министрлер кабинетіндегі мұндай шараға келген алғашқы басшы екен.

710x399_1442819012_malkolm-ternbull

Тернбуллден өзге оппозициялық лейбористер Партиясының басшысы Билл Шортен де келген. Ол премьер-министр секілді шетте отырмастан, процесске атсалысқан.

Аустралиялық премьер-министр біржынысты некені талқылайтын референдум өткізуді алға тартқан. Ал Шортен өзі жеңіске жетіп, арада 100 күн өткен соң мұндай некеге заңды түрде рұқсат етуге уәде берген.

Словения, Испания, Дания, Исландия, Франция, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Португалия, Бельгия, Люксембург, Ирландия және Ұлыбритания сынды 13 еуропалық мемлекетте біржынысты некеге рұқсат берген. 2015 жылдың 26 маусымында АҚШ Жоғарғы соты біржыныстылардың некесін заңдастыруға рұқсат еткен. Мұнымен қатар, мұндай заң Финляндияда 2017 жылы жүзеге асса, Мальтада тек шетелде некелескен жағдайда мойындалады.

Бүгінгі таңда біржынысты некені әлемнің 20 мемлекетінде заңдастыруға болады. Ұлыбританияның көп бөлігі мен Мексиканың бірнеше штатында. Ең алғаш 2001 жылы Нидерланды мемлекетінде рұқсат берілген.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Италия сенаты біржыныстылар одағын заңдастыруды қолдағаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау