Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауруы асқынған Селена Гомес сахнаға шықпайтын болды

Танымал әнші Селена Гомес  асқынған ауруының кесірінен гастрольдік сапарын орта жолдан аяқтайтын болды.

5659b8b66c61d_selena
Бұл туралы dni.ru хабарлаған.

Қызыл жегі ауруына шалдыққан Гоместің денсаулық жағдайы мәз емес. Әнші осы жылдың соңына дейін бүкіл Еуропа мен Оңтүстік Американы “жаулап алуды” көздеген еді.

Айта кетейік, 24 жастағы әнші бұл дерті туралы осыдан екі жыл бұрын хабардар болған. Алайда тынбай жұмыс істеген Селена ақырында дертін асқындырып алды.

«Абыржу, күйзеліске ұшырау, қатты уаймдау – қызыл жегіні одан сайын асқындыра түсетінін білдім. Мен денсаулығымды сақтап, белсенді өмірімді әрі қарай жалғастыру үшін үзіліс жариялауды жөн көрдім», – деді Гомес The Guardian-ға берген сұхбатында.

Қызыл жегі ауруына шалдыққан адамның иммундық жүйесі өзінің тіндерінде антителаны құрайды. Бұл терінің, бұлшықеттер мен буындардың, жүрек қан-тамырларының, жүйке жүйесінің және басқа да ағзалардың зақымдануына әкеліп соғады.

Гомес 2014 жылы дәл осы ауруынан хабардар блғандықтан, әншілік кәсібінде үзіліс жариялаған болатын. «Инсульт алуға шақ қалдым», – деп айтқан еді әнші.

Жіберіп алмаңыз: 

Селена Гомес Париждегі сән апталығына ішкиімсіз келген (фото)

Линдси Лохан орыс жігітімен ішкиімсіз жүріп төбелесті

Леди Гага қорқынышты рөлі үшін “Алтын глобус” сыйлығына ие болды

Бейонсе зорлық көрген балалардың аналарымен бірге ақ кілемнің үстінен жүріп өтті

 

Талқылау