Аурухананың алдына жиналып, үйсіз-күйсіз иесін күтіп отырған иттер дәрігерлерді жылатты

Бразилияда қаңғыбас ер адам ауруханаға барып, дәрігерлерге жүгінген. Осы кезде бірнеше ит аурухананың алдында жиналып, ер адамды күтіп, кетпей отырған.

Аурухананың алдына жиналып, үйсіз-күйсіз иесін күтіп отырған иттер дәрігерлерді жылатты

Бұл туралы The Dodo порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Санта-Катаринадағы аурухананың қызметкері Крис Мампримнің сөзінше, 9 желтоқсанда түнгі сағат 3-тердің шамасында үйсіз-күйсіз ер адам ауруханаға келген. Сезар есімді ер адам ауруды басатын дәрі сұрапты. Алайда ол әдетте басқа ауруханаға қаралып жүргендіктен, дәрігерлерге ол туралы мәлімет алу үшін біраз уақыт қажет болыпты.

Пациентпен сөйлесу кезінле Мамприм мен оның әріптестері аурухананың алдында бірнеше иттің жиналып, Сезарды күтіп отырғанын байқапты. Қаңғыбас ер адам иттердің өз қамқорлығына алғанын мойындаған. Әйтпесе олар ешкімге керек болмайтын еді, дейді ол.

«Иттердің бәріне күтім көрсетілген, тоқ. Мен иттердің аурухананың алдында күтіп отырғанын көріп, олардың иесін қалай жақсы көретінін түсіндім», – дейді Мамприм.

Дәрігерлер Сезарға дәрі бергеннен кейін, оған және иттеріне тамақ ұсынған. Ер адам өз тамағының бір бөлігін алып қалып, иттеріне беру үшін сақтап қойыпты.

Арада бір сағат өткеннен кейін Сезар иттерімен бірге ауруханадан кетіп қалды.

«Мен оның өмірі қандай екенін және неліктен көшеде қалғанын білмеймін. Алайда оның жануарларға деген махаббаты мен қайран қалдырды. Адамдардың бәрі осындай болса ғой», – дейді Мамприм.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар