Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ауруханалардан іздедік": Шереметьеводағы ұшақ өртінде ерлікпен көз жұмған бортсеріктің анасы ұлы туралы айтты

Ресей астанасындағы Шереметьево әуежайында өртеніп кеткен ұшақта жолаушыларды құтқарамын деп ерлікпен қаза тапқан бортсерік Максим Моисеевтің анасы Юлия Карева ұлы туралы айтып беріп, сұмдық жайт орын алған күнді еске алды. 

Анасының сөзінше, Максимнің «Аэрофлотта» бортсерік болып жұмыс істегеніне бір жылдан асыпты. Ол 5-сыныптан бері ұшқыш болуды армандаған көрінеді. Алайда ұшу училищесіне түсе алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Пятый канал» арнасына сілтеме жасап. 

«Ұл үнемі ұшқыш болуды армандайтын», - дейді Юлия Карева. 

Максим әскерде борышын өтеп, артынша Санкт-Петербургте білім алған. Сол кезде «Аэрофлотқа» бортсерік болып жұмысұқа орналасқан. 

«Ол өте мейірімді, көмек қолын созуға дайын тұратын, кішіпейіл адам еді. Ешқашан ешкімді ренжітпейтін. Ешкімге жаман сөз айтқан емес. Бойында адалдық, батылдық, ерлік бар еді», - дейді анасы. 

Юлия Карева ұлы жұмыс істеп жүрген ұшақ бортында өрт шыққаны туралы 5 мамырдың кешінде біліпті. Бұл туралы күйеуі хабарлаған. Ал Максимнің көз жұмғаны туралы ақпаратты ата-анасына бірнеше сағаттан кейін растаған. Бастапқыда жақындары оны ауруханалардан іздестірген көрінеді. 

«Таңға жақын оның қаза тапқанын білдік», - дейді ұлынан айырылған ана. 

Юлияның сөзінше, өзі онкологиялық аурудан зардап шегеді екен. Ауыр дертпен күресу барысында ұлым қолынан келгенше қолдау білдірді, дейді ол.

Сонымен қатар ол Максимнің 15 жасында Қырымда суға батып бара жатқан ер адамды құтқарғанын еске алды. Алайда ол өз әрекетін ерлік деп санамаған. Мұндай әрекеттер ол үшін қалыпты нәрсе еді, дейді анасы.

Айта кетсек, Максим Моисеев ұшақ өртенген кезде жолаушыларды құтқарамын деп өзі көз жұмды

Еске сала кетсек, Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында ұшақ өртеніп, 41 адам мерт болған еді. Адамдардың көптеп қаза болуына жолаушылардың сөмкесін алуға таласқаны себеп болды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр