Ауру таратуы мүмкін: Өскеменде екі аурухананың маңында қолданылған ине мен түтіктер шашылып жатыр

Өскеменде екі бірдей аурухананың төңірегінде қолданылған ине мен түтіктер үйіліп жатыр. Тіпті жергілікті экологтар қоқыс арасынан оның жеті жәшігін тауып алған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ауру таратуы мүмкін: Өскеменде екі аурухананың маңында қолданылған ине мен түтіктер шашылып жатыр

Енді олар инелерінде қан мен дәрі-дәрмек қалған заттардан ауру тарай ма деп алаңдаулы.

Себебі, жұқпалы дерттің ауа арқылы да тарап кетуі ғажап емес. Ал бұларды қап-қап қылып қоқыс арасына тастау заңға қайшы. Яғни мұндай медициналық қалдықтар жерге көмілуі не өртелуі керек. Бірақ, ана мен бала орталығынан 200 метр жерге оны кімнің әкеліп тастап кеткені әзірге белгісіз. Сондай-ақ, оған облыстық перинаталдық орталық та жақын орналасқан. Енді экологтар құзырлы органдардан бассыздыққа жол бергендерді табуды талап етпек.

Анатолий Филипов, ШҚО экологиялық қауіпсіздік орталығының қызметкері: -Бұл өте қауіпті. Қандай медициналық орталықтың тастағаны белгісіз. Мүмкін, оларды СПИД-пен не ашық түрдегі туберкулезбен ауыратын адамға салған шығар?

Тағы да оқыңыз:

Жеңістен оралысымен анасының аяғын сүйген қазақ спортшысы елді сүйсінтті (видео)

Талдықорған тұрғындары плакатпен жол шұңқырларына отырып қарсылық танытты

Кентауда жедел жәрдем көлігі 2 жасар баланы қағып өлтірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар