Аулаға кіріп, қораға алып барған: Түркістан облысында кішкентай қызды зормалақ болған ер адам сотталды

Түркістан облысында баланы зорламақ болған 35 жастағы ер адам сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тергеу барысында анықталғандай, 1984 жылғы ер адам Түркістан маңындағы ауылға жұмыс істеуге келген. Кештердің бірінде ішімдікке сылқия тойып алған ер адам ертесі күні таңертең ауыл ішінде серуендеп қайтпақ болған. Осы кезде ол аулалардың бірінен кішкентай қызды байқап қалыпты. 

Ер адам қоршаудың есігі ашық болғандықтан, аулаға кіріп кетіп, қызды қораға алып барған. Ол сол жерде қызды зорламақ болыпты. Алайда қораға қыздың туысы кіріп келгендіктен, арам ойын іске асырып үлгермеген. Оны көрген ер адам жартылай жалаңаш күйінде қаша жөнелген. Оны қуған әйел көшеде көршілерді көмекке шақырып, ұстап алуын сұрапты. 

Көршілердің айқайын естіген ауылдастары ер адамды ұстап алған. Ауыл тұрғындары оны жергілікті полиция бөлімшесіне алып барады. 

Сол жерде қыздың туысы ер адамның үстінен арызданған. Оған қатысты ҚР ҚК 24 және 120-баптарына (Кішкентай баланы зорлауға оқталу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облысының қылмыстыр істер жөніндегі ауданаралық соты істі қарап, ер адамды кінәлі деп тапты. Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейтін болады. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр