Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ауызашарға дайындаған пияз нан": Мақпал Исабекова аспаздық қасиетімен жұртқа ұнап қалды (видео)

Мақпал Исабекова аспаздық қасиетімен жұртты қызықтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қамыр жайып жатқан жерінен видео жүктеп, тыңдармандарын аспаздық өнерімен тәнті еткен.

Ауызашарға дайындалып жатқан Мақпал Исабекова "Пияз нан" деп аталатын тағам әзірлеген. Бұл жайлы өзі де жазуды ұмытпады.

"Ауызашарға дайындаған катлама нан (пияз нан)", - деп жазды Мақпал Исабекова. 

Сүйікті әншілерінің ерекше өнеріне тәнті болған тыңдармандары жарыса пікір қалдырды.

"Қандай тамаша, машалла. Қолың дерт көрмесін" , "Келін болуға баяғыдан дайынсың ғой" , "Ән салу өнерің де, тамақ әзірлеу шеберлігің де тамаша" , "Келін болу керек сізге. Жігіттер қайда қарап жүр", "Жарайсың, Мақпал. Келін атана ғой тезірек" , - деп жазды желідегілер.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр