Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұқсамасаң, тумай қалғыр: Туған ауылына ауызашар берген Айқынның ұлы өлең оқып жұртты тамсандырды (видео)

Ауызашарда өлең оқыған Айқын Төлепбергеннің үлкен ұлы жұртты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында үлкен ұлы Аңсардың отан туралы оқыған өлеңінің бейнежазбасын жүктеген. Туған жері Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылында Рамазан айында ауызашар берген Айқын Төлепберген ұлының өнерімен осылайша мақтанды.

"Үлкен ұлым Аңсарбай ауылына барып әкесі берген ауызашарда өлең айтты! Санкобай жағаласып микрофонға таласты. Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылы", - деп жазды Айқын Төлепберген.

Бейнежазбаны көрген жұрт Айқын Төлепбергеннің ұлының өнеріне таңқалысып, жарыса пікір жазды.

"Аңсар, жарайсың балапан", "Баланың дені сау, ғұмыры ұзақ болсын", "Әкесіне ұқсаған екен", "Отан деп соққан жүрегінен кішкентай", "Қазақтың ұқсамасаң, тумай қалғыр деген сөзі осындай айтылса керек", - деп жазды жұрт.

Талқылау