Ауыр дертке шалдыққан әкесі қызының тойына бару үшін ауруханаға жатудан бас тартты

Желіде қалыңдықтың ауыр дертке шалдыққан әкесіне еңкейіп қарап тұрғаны сәтінің суреті тарап кетті. Белгілі болғандай, ауыр дертке шалдыққан әкесі қызының тойына бару үшін ауруханада жатудан бас тартқан.

Ауыр дертке шалдыққан әкесі қызының тойына бару үшін ауруханаға жатудан бас тартты

Бұл туралы AsiaOne басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

«Әкесі 4-дәрежедегі қатерлі ісіктен зардап шексе де, қызының үйлену тойында болу үшін ауруханаға жатудан бас тартқан. Бұл көрініс жүректі ауыртады», - деп жазылған Happy Smile Studio фотостудиясының Facebook желісіндегі парақшасында.

Фотостудия иесі Джесси Тезороның сөзінше, сурет Крис пен Херлин Думэгиннің неке қию рәсімінде түсірілген. Әкесі қызын алтарьға өзі алып барғысы келген. Алайда той күні өзін мүлде нашар сезініпті. 

Херлиннің әкесі жатқан көлікті шіркеудің алдына әкеп қойған. Қалыңдық некесінің қиылуынан бірнеше минут бұрын әкесінің жанына барып, оның бетінен сүйіп: «Әке, мен қазір тұрмысқа шығамын. Жақсы ма?» - деген. 

Үйлену тойында әкесі қалыңдықпен билей алмады. Сондықтан оның орнына Херлинмен бірге анасы биледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр