Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлетші Майя Манеза екінші баласын босанды

Ауыр атлетші Майя Манеза екінші рет ана атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышымен бөлісті. Қызының атын Алина деп қойды.

"Бүгін менің отбасымда өте маңызды, қуанышты және бақытты күн! Сүйікті күйеуім Вячеслав екеуміз әдемі қыздың ата-анасы болдық! Алинаның салмағы 4 келі, бойы 54 сантиметр! Көптен күткен қыз сыйлағаны үшін Жаратушыға алғыс айтамын", – деді ол.

Айта кетейік, 2013 жылдың 19 тамызында Майя Манеза Арсений атты ұл туды. 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, ауыр атлетші Манеза мен Ершовтың үйлену тойы 2013 жылдың сәуірінде өтті.

Талқылау