Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауғаныстан ардагерлерін қорлап суретке түскен ШҚО тұрғыны жұрттан сөз естіді

30 жастағы әйел бірде ескерткіштің үстіне шығып, енді бірде мүсін аяғының ортасына басын сұғып тұрып суретке түскен. Көпшілік әйелдің әрекетін “сарбаздардың әруағын қорлау” деп бағалады.

Бұл туралы YK-news.kz басылымы жазды.

“Ол жай ғана ескерткіштің алдында тұр. Келесі суретте ескерткіштің үстінде жатыр. Одан кейінгісінде әруақтардың құрметіне қойылған гүлді ұстап түскен екен. Арт жағында Ауғаныстан соғысында көз жұмған Лениногорск сарбаздарының тасқа қашалған суреттері тұр. Бірнеше суреттен кейін әйелдің ескерткіш төбесіне шығып алғанын байқауға болады. Ескерткіштің аяғының ортасынан басын шығарып суретке түсуді қызық көріп жүрген сияқты. Кейін ол мүсін сарбазды құшақтап, әуретті жеріне қол салды”, – деп жазады басылым.

Желі қолданушылары әйелдің бұл әрекетін құптамады. Көпшілік керісінше ұрысып, жағымсыз пікірлер білдіріп жатты. Бәрінен бұрын бұл фотосессия Ауғаныстан соғысы ардагерлерінің көңіліне мұң ұялатқан екен.

“Бұл біздің марқұм сарбаздарымызды қорлағанмен тең болды. Әйел сарбаздардың отбасы мен бізге құрметсіздік көрсетіп отыр. Ескерткішті біз өз қолымызбен қойдық. Көптеген адамдар көмектесті. Мұндай бассыздықты алғаш рет көріп отырмын. Шектен шықты деп осындайда айту керек шығар”, – дейді Ауғаныстан ардагерлері қоғамының төрағасы Владимир Мясоедов.

Ауғаныстан ардагерлері құқық қорғау органдарына шағымданған екен. Мұнымен қатар, ескерткіштегі сарбаздардың да ата-аналары арызданған. Әйелдің кім екені де анықталып қойды. Бірақ, ол өзінің парақшасын бұғаттап тастаған екен. Риддер қаласының прокуроры аталған істі қолға алмақ.


Жіберіп алмаңыз:

Қостанай облысының әкімі жұмысшыларға он үшінші жалақы беруді ұсынды

Түркияда көлік қаққан отандасымыздың ақшасы таусылып жатыр

Еліміздің бас шыршасы ЭКСПО аумағында орналасатын болды

Ақтөбедегі дағдарыс орталығы бір күн де жұмыс істемей жабылып қалды

Талқылау