Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауғанстанға соғысамыз деп барған қазақ жастары өкініп жатыр

Ауғанстанға соғысамыз деп барған қазақ жастары өкініп жатыр. Бірақ, ондағы террористік топ құрамында қанша қандасымыздың бары әлі де нақты белгісіз. Анығы, жат ағымға желіккендердің дені – бозбалалар.

E6ACE416-DBFA-4F04-8920-CEEACF134A3B_cx0_cy3_cw0_mw1024_mh1024_s

Сурет azattyq.org

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Ауғанстандағы Қазақстан елшісі осылай деді. Ал, Сириядағы лаңкестермен бірге қару асынып, соғысып жүрген қазақтардың саны 200-ден асқан. Қатарында әйелдер де бар екен.

Уатсап желісі арқылы тараған бейнежазба болжам бойынша Сирияда түсірілген. Қару асынған «жиһадшылар арасында» бірнеше қазақ та жүр. Жазбадағы желіккен жастардың қазақстандық екені расталды. Алайда олар жайлы ақпарат жоқ. Ал Ауғанстанда есі ауып жүрген жастардың көбі елде жағдайын жасай алмай, тұрмыс тапшылығынан қашқандар екен.

“Адамның өзінің таңдау құқығы бар. Сол жаққа өмірлерін қиюға барса , мүлде бөлек. Жалдамалы деген тағы бар. Бұлар ақша үшін, байлық үшін барады соғысқа. Бәрібір кімді ату керек болса да оларға”, – дейді “Ұлт тағдыры” қозғалысының жетекшісі Дос Көшім.

Алайда аңыраған аналарына жібімеген желіккендерді қайтару қазір қиын. Оларды оралту былай тұрсын, Ауғанстандағы қазақ елшісі Өміртай Бітімов пуштундар еліндегі террорлық топтар Қазақстанға еніп кете ме деп қауіптеніп отыр. Себебі Пәкістаннан қысым көрген содырлар солтүстікке қарай ығысып келеді екен. Содан болар, ондағы біздің елшілерді қарулы шекарашыларға дейін қорғайды екен.

“Отбасы, бала-шаға, немере осында. Соларды көре алмаймыз өкінішке орай. Тікелей ұшақтар жоқ. Қалаға шыға алмайсың, кино, театр деген атымен жоқ”, – дейді ҚР Ауғанстандағы төтенше және өкілетті елшісі Өміртай Бітімов.

Жұмысының «жұмақ» емес екенін айтқан елші, басымызды күнде қатерге тігіп жүрміз дейді. Сондықтан министрлік басқа-басқа, Ауғанстандағы елшілікке үнемдемейді екен.

Талқылау