Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауғанстанда қаза болған қазақстандықтың туыстарын алдап-соққан алаяқ жазадан құтылып кетті

Кабулда қаза болған қазақ азаматының туыстарын алдап-соққан алаяқ сот залынан босатылды. Айта кетейік, жазадан құтылып кеткен 41 жастағы азамат екі қылмысқа қатысты жауапқа тартылған болатын. Бұл туралы ҚазАқпарат-қа сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандықтың туыстарын алдап-соққан алаяқ жазадан құтылып кетті

«Жәбірленушімен медиация бойынша татуласуға байланысты Адылжан Исмайлходжиевке қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, айыпталушы сот залынан босатылсын.Үкім жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде жеке шағым түсіруге болады»,-деп хабарлады сот төрағасы Кәмшат Саурова.

Айта кетейік, Исмайлходжиев алаяқтықпен айналысты деп айыпталған болатын. Тергеу деректері бойынша, 41 жастағы азамат екі қылмысқа қатысты жауапқа тартылды. Біріншісінде, өзін сот қызметкері ретінде таныстырған айыпталушы жәбірленушінің жұбайын жазадан құтқаруға көмектесемін деп уәде беріп, одан 300 000 теңге алған. Ал екіншісі, 2018 жылдың қаңтарында ұшқышпын деген алаяқ Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандық азаматтың туыстарына оның денесін 500 мың теңгеге туған еліне әкелуге көмектемін деп уәде еткен.

Ұстау барысында айыпталушы жасаған қылмысы үшін өкінетінін айтып, кінәсін мойындаған. Содан ол екі эпизод бойынша да зардап шекушілерге материалдық шығын өтеді. Бүгінде сот залынан босатылған  ер адам 2014 жылы қаржылық алаяқтық үшін сотталған екен.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қаңтарда Кабулдағы «Интерконтиненталь» қонақ үйін лаңкестер басып алған кезде Ауғанстанға іссапармен кеткен қазақстандық қаза болған еді.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте жартылай жалаңаш бойжеткен көшенің дәл ортасында би биледі: Оны психиатриялық ауруханаға алып кетті (видео)

Ұятсыз нөмірлер: Қазақстанда гей, жын, ұры, жұт деп жазып алған автокөлік нөмірлеріне тыйым салынды

Қазақстанда жаз мезгіліне екі апта қалғанда қар жаууы мүмкін

Қазақстандықтардың ұялы телефондары ЖСН-ға байланыстырылады

 

Талқылау