Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда алаяқ “гинеколог” жүкті әйелдерді алдап соққан

36 жастағы Әлия Садықова өзінің “құрбандарымен” қаладағы перзентханалардың бірінде акушер-гинекологпын деп танысып отырған. Сондай-ақ біраз адамды жұмысқа орналастырып беремін деп те алдап соққан.

1 (1)

“Ол бір кісіге әйелін қаладағы медициналық орталықтардың біріне жұмысқа орналастырамын деп уәде еткен. Бұл қызметі үшін әйел 200 мың теңге ақша сұраған. Сондай-ақ жүкті әйелді де босандырамын деп алдаған. Қазіргі таңда тергеу тобының жүргізген жұмыстарының нәтижесінде күдіктінің үстінен үш бірдей қылмыстық іс қозғалуы мүмкін”, – дейді Әуезов аудандық ІІБ қарасты полиция бөлімінің басшысы Мұрат Қаспақбаев.

Әлия Садықованың құрығына ілінгендердің де есімдері белгілі болып жатыр. Ал күдікті қазір тұтқында отыр.

Алматы қалалық ІІБ кім де кім азаматша Садықованы таныса және ол әйелден зардап шеккен болса, мына телефондарға хабарласуды сұрайды: 298-53-70; 298-53-72 и 298-53-75.

Талқылау