БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әуежайда сәбиін ұмытып кеткен әйел ұшқышты қайтып оралуға мәжбүрледі (видео)

Saudia әуе компаниясының ұшағы ұшып шыққаннан кейін әуежайға қайтып оралды. Белгілі болғандай, жолаушылардың бірі әуежайда сәбиін ұмытып кеткен.

Әуежайда сәбиін ұмытып кеткен әйел ұшқышты қайтып оралуға мәжбүрледі (видео)

Бұл туралы Independent басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Джидда қаласынан Малайзия астанасы Куала-Лумпурға ұшып шыққан әуе кемесін басқарған ұшқыштың сөзінше, әйел стюардессаларға баласын жоғалтып алғанын айтып, әрі қарай ұшудан бас тартқан. Нәтижесінде экипаж ұшып шыққан әуежайға қайта қонуды сұрады. 

Диспетчерлер түсіріп алған видеода ұшқыштың Джидда қаласындағы әуежайға қону үшін рұқсат сұрап отырғаны байқалады.

«Жолаушылардың бірі терминалда баласын ұмытып кетіпті. Ол сапарды жалғастырғысы келмейді», - дейді әуе кемесінің командирі.

 

Нәтижесінде ұшақтың әуежайға қайтып оралуына рұқсат берілді. Алайда әйел терминалдан баласын тапты ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр