Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуелбекова мен Есентаева тағы түсініспей қалды

Есентаева мен Әуелбекова бірге жұмыс істеуді тоқтатқалы түсінісе алмай жүрген  сияқты. Себебі бірі ізінен қалмай кедергі жасайтын адамның барын айтады. Екіншісі  сол адамның атын айтқыза алмай әлек.

молдир

Мөлдір Әуелбекова  “Қазақ үні” басылымына берген сұқбатында “Мен туралы жазуға қалй ешкім кедергі болмағанда бас тартып жүргенін айтқан.

“Менде ондай жағдай талай мәрте болды. Ізіме түскен кім және олар нешеу екенін білмеймін”-деп жауап берген.

баян111

Әуелбекованың осы сұқбаты басылған журналдың  мұқабасын әлеуметтік желідегі парақшасына салған Баян Есентаева ештеңе түсіне алмай әуре болып жүргенін ашық айтады.

баян

“Менің түсінбейтінім басқа қыздарда неге осындай мәселе жоқ? Жанар, Кәмшат, Айдана, Әнель тағыда осындай қыздарда. Мен таң қаламын Мөлдір осындай сөздерді айтып жұмбақтап жүргеніне біраз уақыт болды. Ашық айтуың керек. Мен сенің әр сұқбатыңнан кейін өзімді жаман сезінемін. Сен ол адамды жақсы білесің. Жоқ әлде өзім шығып айтуым қажет пе”, -деп жазады Баян Есентаева.

Есентаеваның  жазбасының астына   оның оқырмандары  түрлі пікірлер  қалдырған.

«Баян сіз неге Мөлдірдің айтқандарын  жүрегіңізге  жақын аласыз?  Мүмкін расымен де оның  жолын кесіп жүргендер бар шығар. Нег тура ол сізді меңзеді деп ойлайсыз?»,- Деп жазады  guka.ali.83 атымен тіркелген оқырманы.

« Осы мөлдірді түсінбеймін. Оның Инстаграмына қарасаңыз барлық бәрі жақсы, жолын кесіп жүрген ондай ешкім жоқ сияқты. Әрдайым ән айтып, теле бағдарламаларға түсіп жүреді»,-деп жазады sartaevaajdana атымен тіркелген Есентаеваның оқырманы.

Естеріңізге сала өтейік  Мөлдір Әуелбекова 2012 жылы «Keш YOU» тобынан бірінші рет шығарылған еді. Кейіннен  продюсері Баян Есентаева оны қайтадан сол топтың құрамында ән айтады деп жария етті.2011 жылы Мөлдір өзі шыққан топқа қайта кіріп араға ай салмай қайта кетіп қалды. Ол Есентаевамен жұмыс істеген кезінде «Ғашық жүрек» фильіміне түсті. Кейіннен өкінішке орай сол фильмдегі жағдай өнер адамдарының өмірінде қайталанды.

Талқылау