Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуелбекова дүниеге келмеген сәбиіне сын айтқан желі қолданушысына жауап берді

Бүгінде Instagram желісі адамдардың көргені мен білгенін жариялап, ой бөлісетін жерінен бөлек тыңдармандар мен жұлдыздардың айқас рингіне айналды, деп хабарлайды Stan.kz.

Screenshot_10

Өнер иелеріне жағымды да жағымсыз пікірлерін жолдайтын желі оқырмандары кей кездері әдепсіздікке бой алдырып, неше түрлі сөздер жазады. Өздері туралы әңгімелерге құлағы үйренген әншілер көбінесе оларға мән бермеуге тырысады. Әйткенмен, «шыдамның да шегі бар». Өнер иесі болғанымен, олардың да жүрегі, жаны, көңілі бар. Өкінішке қарай, кейбір оқырмандар мұны ұмытып кететін сыңайлы.

Мөлдір Әуелбековаға айтылар сын тұрмысқа шыққан күнінен бастап арта бастады. Кейбіреулер оның өмірлік серігінің сырт келбетіне тиіссе, енді біреулер әншінің киіну стиліне, жүріс-тұрысына сын тағатын. Ал бұл жолы әдепсіз желі қолданушысы Мөлдірдің дүниеге келіп үлгермеген сәбиіне тиіскен. Неше түрліні жазған әйелге әнші ашуланса керек-ті, Әуелбекова желіде оған жауап қайтарды.

«Алдыңғы суретке “неге ішіңді тығасың” дегенді жазған еді. Үндемедік… Сосын елмен ұрысты.. Үндемедік… Енді маған жекеге осылай дейді.. Мөлдір Абдраманова 2 қызы бар екен.. Не дейін.. Аллаh жан дертіңізге шипасын берсін! Әмин! Аккаунтын ауыстырып отыр», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Мөлдірдің айтуынша, өзінің аттасы желідегі аккаунтын қайта-қайта ауыстырады.

Жіберіп алмаңыз:

Бір-біріне үздіге қарап тұрған Болманов пен Асардың суреті қызу талқыға түсті (фото)

Ұлты белгісіз ару Динара Сұлтанның әнін орындау үшін қазақ әліпбиін жаттап алған (видео)

Өнер жұлдыздары телехикаяда Дастан Оразбековпен сүйіскен актрисаны сынға алды

Тойдағы флешмоб: Серік Ибрагимов қалыңдығына тосын-сый жасады (видео)

Талқылау