Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуеге көтерілер сәтте доңғалағы ұшып кеткен Boeing Түменге аман-сау қонды

Түменнен ұшып кетіп бара жатқанда шасси доңғалақтарының бірі ұшып кеткен Boeing жолаушылар ұшағы сол әуежайға қайта сәтті қонды, деп хабарлады «Интерфаксқа» өңірдің жедел қызметі.

ұшақ

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

“Ұшақ “Рощино” (Түмен) әуежайына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Ешкім зардап шеккен жоқ”, – деп хабарлаған дереккөз.

Бұдан бұрын әуежайдан Жаңа Уренгойға бет алған Boeing-737 ұшағы ұшып шыққаннан кейін ұшу-қону жолағынан шассидің оң жақ доңғалағы табылған. Ол екпін алу кезінде түсіп қалған болуы мүмкін. Осыдан соң рейсті қайтарып, ұшақты әуежайға қайта қондыру туралы шешімі қабылданды.

Талқылау