Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуе соққысынан бетін қан жапқан бүлдіршіннің бейнесі әлемді дүр сілкіндірді (видео)

Сирияның үкіметке қарсы белсенділері қоршауға алынған Алеппо қаласындағы әуе соққысынан қираған ғимараттан құтқарылған баланың жан түршігерлік кадрларын жариялады.

20160819084731

Бетін қан жапқан, жедел жәрдем көлігінде есеңгіреп отырған баланың видеосы мен фотолары әлеуметтік желіге жылдам тарап, наразылық толқынын тудырды.

Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, баланың есімі Омран Дакниш, бес жаста. Сәрсенбі күні кешке оған медициналық жәрдем көрсетілді – баланың басына қатты зақым келген.

Оның отбасының басқа мүшелерінің қандай жағдайда екендігі әлі белгісіз.

Талқылау