Әуе компаниясы мүгедек ер адамды ұшақ бортына өзі мініп шығуына мәжбүрледі

Сәрсенбі, 28 Маусым , 2017 15:32

Vanila Air әуе компаниясы мүмкіндігі шектеулі адамды ұшақ бортына өрмелеп шығуға мәжбүрледі.

Безымянный

Бұл туралы Киодо агенттігі хабарлайды.

Тіркеу кезінде мүгедектер арбасында отырған ер адамға компанияда мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесетін қызмет қарастырылмағаны айтылған. “Жүре алмайтын адам, ұшақ бортына отыра да алмайды”, – дейді компания.

Оны танысы қолымен көтеріп алып, бортқа мінгізеді. Алайда қайтар жолда әуе кемесінің қызметкері біреудің көмегімен бортқа мінуге болмайтынын, өзі шығу керектігін айтады. Нәтижесінде аяғы істемейтін ер адам траптың 17 баспалдағын басып өрмелеп шығуға мәжбүр болған.

Оқиға туралы БАҚ-та жарияланғаннан кейін ғана әуе компаниясы мүгедек адамнан кешірім сұраған.

Оқи отырыңыз:

Оқушы қыз бұрынғы жігітімен жүре бастаған қызға химиялық қышқыл құйып жіберді

Трамптың шешімімен биыл Ақ үйде Ораза айтқа орай қонақасы берілмейді

Британдық газет Астананы Сингапурге теңеп жазды

Түркияда мектеп оқулықтарынан Дарвиннің эволюция теориясын алып тастады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар