Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуе апатынан аман қалған геофизиктер құлаған ұшақтың қасында селфи жасады (фото)

Ресейде әуе апатынан аман қалған геофизиктер құлап жатқан тікұшақтың фонында суретке түсіп, селфи жасаған.

c1713e9a-6357-4407-b7fd-e74f456cee31

Бұл туралы НТВ хабарлайды.

Оқиға Амур облысындағы адам аяғы жетуі қиын елдімекенде болған. Бортында геофизиктер тобы бар МИ-8Т Новосібір қаласынан ұшып шығып, геодизиялық алаңқай үстімен ұшқан.

f51950d7-a9ca-44e3-9565-bf87dddd4094

Алайда бір сәтте қатты соққан жел әсеріне тікұшақ төтеп бере алмай төмен құлдилаған.

86155267-9dfc-4cb0-bd49-d57c208fc8b5

Бақытқа орай, әуе көлігі жанып кетпеді. Сәтсіз жағдайдан аман қалған мамандар болса оқиғаға есеңгіреп қалмай, тікұшақ жанында көңілді селфилер жасаған.

8575ae22-d3b9-48ab-aa75-62b29d89433e

Олар тіпті құтқарушы тікұшақ келемін дегенше балық аулап та үлгеріпті.

64e6ad7d-3c92-44be-bf93-d0310cc80d54

Сосын олардың барлығын жақын маңдағы ауылға жеткізген.

b17591cf-6aed-4988-940f-56bbe35f332f

Олар түскен суреттер желі қолданушыларына ұнаған. Олар қатыгез ғалымдар селфи жасау үшін ұшақты әдейі құлатты деп те әзілдеген.

80aef395-4a86-4e68-951d-809f27246031

Оқиғаның анық-қанығын Шығыс Сібір көліктегі тергеу басқармасы тексеріп жатыр.

Талқылау