Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аудиожарнамадан мезі болған Петропавл тұрғындары петиция жинауда

Петропавл тұрғындары көшедегі аудиожарнамаларға тыйым жасағысы келеді. Тіпті әлеуметтік желілерде қала әкімі Марат Тасмағанбетовке арналған қол жинау науқаны да қарқынды жүріп жатыр.

7a52e93e85aa28f21f3ccb2ebf2c92ee

Сурет vladnews.ru

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Таңертеңнен кешке дейін жарнама хабарлайтын дауыс күшейткіш құрылғылар қалалықтардың құлақ етін жеп қойғанға ұқсайды. Әсіресе, бұдан базарлар мен супермаркеттерге жақын тұратын тұрғындар мезі болған. Адамдар бастары ауыратынына, ұйқысыздыққа және қан қысымының көтерілуіне шалдыққандарын айтып шағым білдірген.

“Базарлар мен сауда үйлерінен басқа, барлық қоғамдық орындардағы аудиожарнамаларға тыйым салуды сұраймыз”, – делінген петицияда.

Тұрғындар бұл тұрғыда европалықтар тәрізді арнайы қорғаушы экрандар қою керек деп есептейді. Сондай-ақ, кәрі құрлықта тым “шулы” мекемелер салық та төлейді.

Талқылау