Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әубәкіровтің өліміне күдіктілер адам зорлау бабы бойынша да жауапқа тартылмақшы

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне күдіктілерге тағы бір жаңа айып тағылған. Олар  аса ірі  көлемді ақша бопсалу, ұйымдасқан қылмыстық топ құру, адам зорлау  баптары бойынша жауапқа тартылатын болды. Барша Қазақстанның назарын өзіне қаратқан шулы іс  22 тамыз күні басталады. Бірақ,  сот қылмыстық істі жабық есік жағдайында қарайтын болады,-деп жазды КТК арнасы.

ерасыл4

Медицина университетінің 23 жасар студенті Ерасыл Әубәкіровтың өлі денесі ақпан айында қала сыртынан табылған еді. Кейін жігітті  32 жастағы Аян Мейірбаевтың азаптап жатқанын көрсететені видео пайда болды. Мейірбаевтың қолына кісен салынғанымен, әрекетінен қылмыс ізінің табылмауына байланысты оны Ішкі Істер министрлігі босатып жіберген.

Енді ол өскемендік кәсіпкер әкесімен бірге сотқа жәбірленуші ретінде қатыспақ. Тергеу материалдарына қарағанда, әкелі-балалы Мейірбаевтардан ақша бопсаланған көрінеді. Қазір Әубәкіровтің өліміне басты айыпталушы ретінде қамауда Нұрбек Әжімбай, Андрей Тихоненко және Виталий Шерстенев отыр. Бірақ күллі елді дүрліктірген оқиғаға қатысты сот жабық өтуі мүмкін

 

 

 

 

Талқылау