"Ауада зиянды заттар 70 есе артқан, газтұтқыш киіңіздер": ТЖД хабарламаға қатысты жауап берді

Бүгін, 16 мамырда, Алматыда қолқаны қабатын күйіктің иісі шығып, тұрғындар алаңдаушылық танытқан еді. Сөйтсе, қала маңындағы қоқыс полигоны өртенген екен. Осы жағдайдан кейін тұрғындар арасында газтұтқыш кию керектігі туралы хабарлама тарай бастады. Алайда ТЖД ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы облысында қоқыс үйіндісі өртеніп, қалада күйіктің иісі жайлағаннан кейін WhatsApp мессенджерінде хабарлама тарады. 

«Көшеге шықпауларыңызды және респиратор киюлеріңізді сұраймыз. Күкірт диоксидінің мөлшері 70 есе артқан», - делінеді хабарламада. 

ТЖД өкілі ауада көп мөлшердегі зиянды заттар жоқ екенін мәлімдеді.

«Алматы облысында қоқыс үйіндісінің өртенуінің салдарынан шыққан иіске қатысты WhatsApp мессенджеріндегі жалған ақпарат тарады. Экология департаментінің мәліметінше, атомосфералық ауада көп мөлшердегі зиянды заттар жоқ. ТЖД респиратор кию керектігі туралы кеңес берген емес», - дейді ТЖД өкілі. 

Еске сала кетсек, 16 мамырда Алматы тұрғындары сасық иістен демалу мүмкін емес екенін айтқан еді. Артынша иісті жайлауына Алматы облысында қоқыс үйіндісінің өртенуі себеп болғаны хабарланды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр