Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауа райы: Еліміздің кей өңірінде қатты ыстықтан өрт шығу қаупі бар

15 маусымда ауа райыатмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймағында құбылмалы болады.

55cee91e0823fJanalyk_7

Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауы мүмкін. Кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында, күндіз Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында жел 15-20, түнде екпіні 23 м/с болады. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысында, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан ер адамның денесі екіге бөлінді (фото)

Елімізде тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны жеңілдетпек

Елімізде шылқыған байларға салынатын салық 40 пайызға өсуі мүмкін

 

 

Талқылау