Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы Ninety one тобының бейнебаянына алғаш рет актриса түсті (видео)

Еліміздегі ең даулы топтардың бірі Ninety one жанкүйерлерін жаңа бейнебаянмен қуантты.

найнти уан кыз

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Топтың бесінші бейнебаяны “Ескі таспа би” атты әнге таспаланған. Бұл жолы жігіттер жаңа туындыны ешқандай телеарнаға бермей, өздерінің YouTube желісіндегі ресми парақшасына жүктеуді жөн көріпті.

Айта кетейік, 2015 жылдың қыркүйегінде құрылған Ninety one тобы алғашқыда елдің наразылығын туғызды. Көпшілік қазақ жігіттерін шаш бояп, сырға таққандарына ашуланды. Тіпті, еліміздің бірқатар аймақтарында 91-ге қарсы митингтер ұйымдастырылып, олардың концерттеріне тосқауыл қойылды. Одан кейін атышулы топ өз стильдерінен бас тартып, бір концертке классикалық үлгіде киініп келді.

Ел саябырсыған соң, Беделханның шәкірттері шаштарын қайта бояп алды.

Айтпақшы, Ninety one тарихында алғаш рет бейнебаянға актриса түсті. Бұл ретте топтың нәзік жанды жанкүйерлері Ace-ті бейтаныс бикештен қызғануда.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас Сивидің әкесіне аса қымбат көлікті сыйға тартты (видео)

Арашпен мың бұрала билеген Сиви араб әншісіне қанша ақша төледі?

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қызметінен босатылды

Фанаттар Ninety one тобымен құшақтасқан Мәдина Сәдуақасоваға ұрысып тастады

Талқылау