Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы канадалық баукеспе әже қайта тұтқындалды

“Қара жесір” деген лақап атқа ие болған канадалық 80 жастағы әжей күйеуіне қарсы жасаған қылмысы үшін қайта қамауға алынды.

Безымянный

Сурет today.kz

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Мелисса Энн Шепард күйеуін улағаны үшін 3 жыл түрмеге отырып, наурыз айында босап шыққан еді. Оны бостандыққа шығарса да сенім білдірмеген билік, әжейге интернетті жиі қолдануға тыйым салып, комменданттық сағатқа бағынып, тағы да өзге біреумен сезім жарастырса ол туралы полицияға хабарлауға міндеттеген.

Шепард дүйсенбі күні Халифакс қаласындағы кітапханада тұтқынға алынды. Ол сол жерде кітапхана компьютері арқылы интернет қолдануға тырысқан. Ол алғаш рет екінші күйеуін улап, үстінен көлікпен басып өткені үшін 1992 жыл сотталған. Оның үшінші күйеуі 2002 жылы тойдан соң қайтыс болған. 2005 жылы Шепардқа интернет арқылы танысқан Флоридалық ер адамның ақшасын ұрлады деп айып тағылып, 5 жыл түрмеге жабылған. 2013 жылы 75 жастағы төртінші күйеуі Фред Уиксті улады деп жауапқа тартылды. Алайда Фред аман қалған.

Талқылау