Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы “Қалаулым” бағдарламасын жүргізген Зарина Омарова сынға ұшырады

2018 жыл басталысымен елімізге танымал жұлдыздар қысқы демалысқа кетті. Басым дені қыстың суық күнінде жылы жақтарға қарай бет алған. Мәселен, Арман Қоңырбаев пен Аша Матай отбасылық демалыс үшін Мысыр елін таңдаған, деп жазады Stan.kz.

Аша шетелде жүргенімен, ол жүргізетін атышулы “Қалаулым” бағдарламасы көрсетілімін жалғастырып жатыр. Бұл ретте Ашаның эфирдегі орнын әнші Зарина Омарова басқан. Алайда тележүргізушілікке бет бұрған Заринаның бұл әрекеті көпшілікке ұнамай қалған көрінеді. Сынаушыларға Заринаның берер жауабы дайын.

“Тікелей эфир түгілі, мерекелік концерттердің тізгінін ұстап көрмеген маған, осындай тосынсый жасаған ұйымдастырушылардың сенімін ақтай алар ма екенмін деп, өзім де уайымдағанымды жасырмаймын. Сіздер бәрін сезетін, көздеріңіз ашық жандар болғаннан кейін, байқамауларыңыз мүмкін емес әрине. Сын айтқан жандарға да, түсініп, демеу білдірген жандарға да алғысым шексіз. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Және сын адамды жігерлендіреді. Сондықтан жақсы болсын, жаман болсын әрқайсыларыңыздың жазған пікірлеріңіз, маған болашаққа қамшы”, – деп жазды әнші инста-парақшасында.

Әнші алғаш рет бағдарлама жүргізгендіктен, кеткен ағаттықтары үшін кешірім сұрады.

“Сүйікті бағдарламаларыңызды, сіздер ойлағандай жеткізе алмасам айып етпеңіздер. Оның үстіне күнде көріп жүрген болсам да, әкемнің эфирге шалған қоңырауы күтпеген жағдай болған соң ба, қобалжып қалдым. Қысқасы бәрі артта қалды”, – дейді Омарова.

Жіберіп алмаңыз:

Голливудта әйелімен бал айын өткізіп жатқан шенеуніктің әрекеті тексерілмек

Тағы бір жұлдызды жұп Тоқтар мен Бейбіттің әнін еншілеп алды (видео)

Карина Абдуллина: Әдемі еркектерге көз тігіп, ұятты ұсыныстар білдіруге құқым бар

Отандық шоу-бизнесте Жанар Дұғаловадан аумайтын әнші пайда болды

Талқылау