Атышулы Березовка тұрғындары кең пәтер алу үшін Астанадағы туыстарын тіркеткен

Сейсенбі, 26 Қаңтар , 2016 22:38

Батыс Қазақстан облысындағы атышулы Березовка ауылын көшіру барысында алаяқтық әрекеттер көбейген. Яғни ауылға адамдарды заңсыз тіркеу жиілепті.

БезымянныйБұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Балалар мектеп партасында, ал ересектер жұмыс орнында талып қалатын болғандықтан ауылды Қарашығанақ кен орнынан алыс жерге көшіру жайлы шешім қабылданған. Жоспар бойынша жұрт жақын маңдағы Ақсай қаласына кетуі тиіс. Алғашқы 75 отбасы жаңа қонысына жайғасса, қалғандары жыл соңына дейін көшірілмек.

Бірақ березовкалықтар еліміздің түкпір-түкпіріндегі туыстарын өз үйлеріне тіркеуге қойып, пайдаға кенелуді көздепті. Себебі берілетін жаңа баспанада әр отбасы мүшесі үшін 15 шаршы метрден берілуі тиіс. Яғни, үйдегі адам басы көп болған сайын пәтер саны мен оның аумағы да артады. Осыны өз пайдасына асырмақ болғандар тек соңғы 3 күнде 93 адамды тіркеуге қойған.

“Тексеру барысында олардың 87-і заңсыз болып шықты. Олардан тіркеуден шығарылған болатын. Қалған алтауында соттың шешімі бар сол ауылда тұруға. Басқа облыстың кісілері бар Березовка ауылына қатысы жоқ, ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Астана қаласынан тағы да басқа Қазақстан қалаларынан”, – дейді Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Қайрат Әбуов.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар