Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы «Арқанкергенде» қаза тапқан павлодарлық сарбаздардың анасы сот шешімінен хабарсыз болып шықты

Бүгін Астананың Сарыарқа аудандық соты атышулы «Арқанкерген ісі» бойынша тағы бір шешім шығарды. Сол қырғында қаза тапқан сарбаздардың бірі – Денис Рейдің анасы 370 миллион теңге моральдық шығын талап еткен екен. Бірақ сот оны қанағаттандырған жоқ деп хабарлайды КТК телеарнасы.

5555

Бір қызығы Татьяна Рейдің өзі сот шешім түгілі, жазылған арыздан да хабарсыз. Бақилық болған 19 жасар ұлына өз қалтасынан ақша шығарып, ескерткіш орнатайын деп жүрген ана ешқандай сотқа жүгінбедім деп отыр. Мұны кезінде мүддесін қорғаған адвокат Серік Сәрсенов істеуі мүмкін деп топшылайды ол.

«Арқанкергендегі» жантүршігерлік оқиға 2012 жылдың 30 мамырында болған. Өртеніп кеткен заставада 14 шекарашы мен қорықшының денесі табылған еді. Кейін бұл қылмысқа сонда борышын өтеп жүрген Владислав Челах кінәлі деп танылып, ол өмір бақи бас бостандығынан айрылған болатын.

Талқылау