Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық жомарт қамқоршылар қала тұрғындарына жаңа мешіт сыйлады

Атырауда 1500 адамға арналған жаңа мешіт ашылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі «Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Атыраулық жомарт қамқоршылар қала тұрғындарына жаңа мешіт сыйлады

Өткен жұмада мұсылмандар үшін ең маңызды мереке саналатын қасиетті Құрбан айт мерекесінің қарсаңында, Атырауда Сұлтан Бейбарыс атындағы жаңа мешіт ашылды. Құлшылық етушілерге арналған жаңа рухани ғибадат үйін жергілікті жомарт қамқоршылардың бірі облыс орталығының тұрғындарына сыйға тартты.

Атыраулық жомарт қамқоршылар қала тұрғындарына жаңа мешіт сыйлады

«Иманғали» орталық мешіті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жаңа мешітте 1500-ге жуық келуші бір уақытта ұжымдық намаз оқи алады.

Атыраулық жомарт қамқоршылар қала тұрғындарына жаңа мешіт сыйлады

«Екі қабатты жаңа мешіттің ғимаратында Құран оқуға арналған арнайы зал бар. Бұдан басқа, ерлер мен әйелдер түрлі бөлмелерде дұға ете алады. Мұсылмандар үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Соның ішінде намаз оқуға, сондай-ақ басқа да діни рәсімдерді орындауға қажетті деген жағдайдың бәрі жасалынған», – деп хабарлады Иманғали орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Атыраулық жомарт қамқоршылар қала тұрғындарына жаңа мешіт сыйлады

Мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров қатысты.

Оның айтуынша, таяу уақытта жаңа мешітке күмбездер мен биіктігі 20 метрлік мұнарасы салынатын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау